ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев: Өз жұмысымызды адамдардың көзімен бағалауымыз керек

Шавкат Мирзияев: Өз жұмысымызды адамдардың көзімен бағалауымыз керек

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 21 мамырда Әндіжан облысына сапармен барды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Әндіжанға сапары аясында Мемлекет басшысы Алтынкөл ауданындағы «Кухна водий бахори» фермер қожалығында болып, «Біздің елдегі сияқты климаты ұқсас шет елдерде мақта 70 центнерге дейін өндіріледі. Бұл қалай десеңіз? Біліммен, ақылмен. Әндіжанда жер тапшылығын ескере отырып, оны екі есе тиімді пайдалану қажет. Мыңдаған жұмыссыз, табысы аз адамдар бар. Біз жұмысымызды олардың көзімен бағалауымыз керек, - деді Президент.

Атаулы фермер қожалығының жалпы жер аумағы 76 гектарлы аймақ болып, жоспар бойынша биыл бидай алқабының әр гектарынан 20, мақтадан 10 центнерден қосыма астық алуды көздеген. Шаруашылықта тұрақты және маусымдық негізде 60 адам жұмыс істейді. Мұнда қосымша ірі қара мен бал арасы шаруашылығы жолға қойылған.

Сондай-ақ, агротехнологияны дамыту үшін Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Әндіжан аймақтық филиалы негізінде ауыл шаруашылығы саласында жеке жоғары оқу орнын құру маңызды екендігі айтылды.


1 829
ӨзА