ӨзА Қазақ

02.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Валентина Матвиенконы қабылдады.

Шавкат Мирзияев Валентина Матвиенконы қабылдады.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 қазан күні Өзбекстанда ресми сапармен жүрген Ресей Федерациясы Федералды Мәжілісі Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконы қабылдады.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды құттықтай отырып, Валентина Матвиенконы Ресей парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы қызметіне қайта сайлануымен құттықтап, оған жауапты қызметінде сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Валентина Матвиенко Мемлекет басшысына жылы қабылдауы үшін шынайы алғыс білдіріп, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауы мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың мәселелерін, сондай-ақ екі ел парламенттерінің жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыруға және сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіптік, ғылыми-техникалық салалардағы перспективалық жобаларды ілгерілетуге белсенді қатысуын талқылады. 

4c22be83-6d11-892d-7dbd-f8824c813b81.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

4 706
ӨзА