ӨзА Қазақ

27.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев туризм және мемлекеттік активтерді жекешелендіру саласындағы жобалардың тұсаукесерінде болды

Шавкат Мирзияев туризм және мемлекеттік активтерді жекешелендіру саласындағы жобалардың тұсаукесерінде болды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 27 мамырда туризм және мемлекеттік активтерді жекешелендіру саласындағы жобалардың тұсаукесерімен танысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Коронавирустық пандемия туризм саласына өте үлкен кеті әсерін тигізді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтері бойынша, 2020 жылға қарай халықаралық сапар 89 пайызға, жұмыс орындары 74 миллионға, саладағы жалпы шығын 800 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Әлемдегі елдер шекарасын жауып ішкі туризм саласын да тоқтатты, солар қатарында Өзбекстан да 16 наурыздан бұл қызмет түрін шектеумен қатар оған қатысты 1,2 мың қонақ үйлер мен 1,5 мың туроператорларда өз жұмысын тоқтатқан еді. Шамамен бұл процес 250 мыңнан астам халықтың табысына залал келтірді.

Ендігі жағдайда пандемия тәсірін азайту мақсатында бұл салаға да бірқатар жеңілдіктер жасалды. Нақтырақ айтқанда 1750 субъектіге шамамен 60 млрд сум көлемінде мүлік, жер және әлеуметтік салықтар төленді. Бірақ бұл артықшылықтар уақытша болып, тұрақты даму үшін пандемия жағдайында жұмыс істеуді үйрену қажет. Сондықтан осы жағдайдағы шетелдік тәжірибе зерттелді.

«Uzbekistan. Safe travel guaranteed» деп аталар («Өзбекстан. Қауіпсіз саяхат кепілді») бренді таңбасында туристер үшін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесі жасалып, Мемлекет басшысы осы жобамен танысты.

- Туризмді жандандыру үшін, ең алдымен, қонақүйлер қалай жұмыс істейді, туристерді әуежайда қалай қабылдайды, олардың ел ішіндегі қозғалысы қалай ұйымдастырылады деген сұраққа нақты жауап болуы керек. Мына жасалған нәрсе қарапайым болса да аурудың алдын алу үшін жеткілікті болуы керек. Мәселен, егер бір жағдай анықталса, бүкіл қонақүйге карантинді қажет етпейтін жүйені жасау керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Туризм саласында кәсіпкерлердің көрген шығынын алдағы 1-2 жылда толығымен өтеу қиын. Сондықтан Президент осы салада қосымша жеңілдіктер мен преференциялар беру қажеттігін айтты. Онда алғашқы берілген туристік төлемдерден босату жеңлдігі жыл соңына дейін ұзартылады. Сондай-ақ, саладағы кәсіпорындар келтірген шығындарды 2020-2021 жылдары табыс салығын есептеу кезінде кейінгі жылдардағы пайдадан шегеруге рұқсат етілетін болды. Қонақ үй қызметтерінің 10 пайызына субсидия беріледі және олар айналым капиталы үшін несие бойынша пайыздық төлемдердің 10 пайызына дейін субсидияланады.




4 778
ӨзА