ӨзА Қазақ

21.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев: Өткенгі нәтижемен халықты қуанту мүмкін емес

Шавкат Мирзияев: Өткенгі нәтижемен халықты қуанту мүмкін емес

Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың қатысуымен Олий Мажлис палаталарының бірлескен отырысы өтуде.

Олий Мажлис палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы халықтың жақсы өмірге деген көзқарасы өсіп келе жатқандығына назар аударып, "Кешегі нәтижемен енді халқымызды қуанта алмаймыз. Бүгінгі күннің міндеті - күн сайын жаңа нәрсені іздеу және жасау. Сонда ғана халқымыздың өмірі жақсы жаққа өзгереді. Ең әуелі заң, жарлық пен қарардың орындалуын дұрыс ұйымдастырып, аудан ауылдарда жүргізіліп жатқан реформалардың орындалуын қамтамасыз ету керек. Қаншама керемет жарлықтар мен заң шығарсақ та, оның орындлуын қадағаламайынша біздің жасағанымыз көзге көрінбейді. Сондықтан, үкіметтің басты міндеті министрліктер мен ведомстволар және әкімдіктердің жұмысын тиімді басқаруы керек. Енді әр тапсырманың орындалуы қағаз жүзінде емес, нәтиже бойынша өлшенетін болады. Алдағы уақытта жұмыс кестесін тек жұмыс орнында қағазбастылықпен өткізіп, практикалық нәтижені келесі кезекке қойған басшылармен қоштасатын боламыз. Орталықта орытған министрлер халыққа не қажет екенін қайдан білсін? Аймақ басшылары жұмыс тәртібін өзгертіп жауапкершілікті өз міндетіне алып өз арбасын сүйреуді үйренетін болсын"-деді Шавкат Мирзияев

Мемлекеттік органдар қызметі мен жүргізіліп жатқан реформалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау басымдыққа айналуы тиіс екендігі айқындалды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

8 509
ӨзА