ӨзА Қазақ

09.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Ташкенттегі қалпына келтірілген шыны зауытының жұмысымен танысты

Шавкат Мирзияев Ташкенттегі қалпына келтірілген шыны зауытының жұмысымен танысты

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 9-шы қазан күні Ташкент қаласының Алмазар ауданындағы шыны зауытқа барды. 

1952 жылы іске қосылған бұл шыны фабрикасы шәйнек, тостағандар, табақтар, кесе, кәстрөлдер және кәдесыйлар сияқты ұлттық нақыштағы бұйымдар шығаратын болған. Бірақ кейіншелік жекешелендірілу кезінде өндіріс тоқтап қалған еді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес «Алокабанк» атаулы зауыттың жұмысын қалпына келтіру үшін көлемі 87 млрд долларлық жобаны жүзеге асырып, пайдаланылмай тұрған бос ғимараттарды қайта жөндеуден өткізіп Қытайдың «Huanggang Huauao Zhongbo Klin Technology Co. Ltd.» компаниясының жабдықтар орнатылды. Соның арқасында 300 жұмыс орны ашылды. 
 
                              

Зауыт жыл сайын 30 миллион дана ас үй ыдыстарын, сувенирлер мен ғимараттың ішкі әлемін безендіретін түрлі заттар шығарады. Жүз пайызды жергілікті шикізатты пайдаланып, өнімдерді Ресей, Украина, Грузия, Әзербайжан және Орталық Азия елдеріне экспорттайды. 


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.


3 252
ӨзА