ӨзА Қазақ

29.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Ташкентте құрылған көпқабатты тұрғын үйлерді көрді

Шавкат Мирзияев Ташкентте құрылған көпқабатты тұрғын үйлерді көрді

Президент Шавкат Мирзияев бүгін Ташкент қаласындағы тұрғындарға жасалған жағдаймен танысу барысында Сергели ауданында бой көтерген 16 қабатты үйдеге барды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Зәулім ғимараттың сыртқы келбеті қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жер сілкінісіне қарсы тұрарлықтай қауіпсіздіктерге сай салынған. Қабырғалары энергия үнемдейтін материалдармен жабдықталған болып, интернетке қосылу, бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі сынды бірқанша қолайлықтарды өз ішінде қамтиды. Бұл сынды тұрғын үйлер 2-3 бөлмелі 80 пәтерден тұрады және олар аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

Соңғы үш жыл ішінде Сергелі ауданында 19 522 пәтерден тұратын 460 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылып, балабақшалар, мектептер, емханалар және басқа да нысандар салу және тұрғындарға қолайлы жағдайлар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы 14 жылдан бері пәтер жалдап тұрып келіп, жуырда ғана жаңа үйге көшіп кірген отбасылардың үйінде қонақ болып олармен бірге сұхбаттасты.



5 337
ӨзА