ӨзА Қазақ

25.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Tashkent City құрылыс нысандарын барып көрді

Шавкат Мирзияев Tashkent City құрылыс нысандарын барып көрді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 маусым күні Ташкент қаласындағы құрылып жатқан Tashkent City кіші қала құрылысымен танысты.

Мұндағы халықаралық бизнес орталығы сегіз лотқа бөлінген түрде салынып жатыр. Қазіргі уақытта 7 миллион текше метр жер жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам ғимараттардың берік іргетасы қаланды.

Tashkent Cityаумағындағы құрылыс нысандарының бірі Конгресс Холл және Хилтон қонақ үй кешені - ең озық бағыттардың бірі. Осы ғимараттарда темір-бетон, металл конструкция және шатыр жұмыстары аяқталып, құрылыстың сексен пайызынан астамы аяқталды. Қазіргі уақытта электр желілері, ішкі әрлеу және механикалық жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Конгресс Холлмен бірге салынған 21 қабатты 5 жұлдызды Hilton қонақ үйіне барды. Онда Шавкат Мирзияев жергілікті және шетелдік инвесторлармен әнгімелесіп, пікір алмасты. 

7fd0f882-e991-ecd0-6780-8a14b0c6f889.jpg

6b60c67f-8a73-50e8-199e-a017f2ad6af5.jpg

30265ab9-4e03-4044-8443-c1305d672fc7.jpg

a03dbeea-5345-4c3c-210e-bedfd4796b98.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

11 614
ӨзА