ӨзА Қазақ

10.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Түркияның жетекші инженерлік-құрылыс компаниясы «Ренессанс Холдинг» компаниясы делегаттарын қабылдады

Шавкат Мирзияев Түркияның жетекші инженерлік-құрылыс компаниясы «Ренессанс Холдинг» компаниясы делегаттарын қабылдады

9 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркияның жетекші инженерлік-құрылыс компаниясы «Ренессанс Холдинг» президенті Эрман Илижак бастаған делегацияны қабылдады.

Осынау компания бүгінгі таңада Өзбектанда жалпы құны 2 млрд долларды құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан болып, ол Ташкент облысындағы алдыңғы қатарлы заманауи технологиялар көмегінде қуаты жылына 60 млн. тонна мыс байыту фабрикасы мен қуаты 1 млн. тоннаға дейін болған металл прокат зауыты құрылысының жобаларын дайындауда.


Кездесуде тараптар осы жобалар шеңберіндегі практикалық жұмысты жандандыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Түрік компаниясы алғашқы кезеңде Ташкентте, кейіннен Самарқанд пен Ферғана қалаларында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе мен технологияларды қолдана отырып әртараптандырылған ауруханалар құру жөніндегі жобасының таныстырылымында жасады. 

Атаулы жобалар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады, сонымен қатар түрік серіктестері ауруханаларды басқару және жоғары білікті медицина мамандарын даярлауға тартылатын болады.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

2 881
ӨзА