ӨзА Қазақ

04.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Түркітілдес елдері кеңесінің бас хатшысын қабылдады

Шавкат Мирзияев Түркітілдес елдері кеңесінің бас хатшысын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 4-ші қазанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Амреевті қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, Өзбекстан мен Түркі кеңесі арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Түркі Кеңесінің бас хатшысы Өзбекстан Республикасының Президентіне жылы қабылдап, ерекше ықылас танытқаны үшін өз ризашылығын білдірді және Өзбекстанның Түркі Кеңесінің толық мүшесі болғандығы ретінде құттықтады.

Амреев Өзбекстанда мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, экономиканы ырықтандыру, бизнес және инвестициялық ахуалды жақсарту саласындағы кең ауқымды реформаларға жоғары баға беріп, Шавкат Мирзияевті алдағы Түркі Кеңесінің саммитіне дайындық туралы хабардар етті және Кеңес пен Өзбекстан арасындағы тиімді қатынастарды дамытуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Өзбекстан 2009 жылдың 14 қыркүйегінде Түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялады және осы жылдың 15 қазанында Бакуде өтетін Ұйымның жетінші саммитіне қатысады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.