Шавкат Мирзияев Сырдария облысына барды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев аймақтарда жүзеге асырылып жатқан құрылыс істері және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен танысу мақсатында 18-ші шілде күні Сырдария облысының Ховос ауданына барды.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев аймақтарда жүзеге асырылып жатқан құрылыс істері және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен танысу мақсатында 18-ші шілде күні Сырдария облысының Ховос ауданына барды.
Мемлекет басшысы алдымен Ховос ауданы орталығындағы жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Шавкат Мирзияевтың өткендегі 19 ақпан кезіндегі сапары шағында аудан орталығыны қайта құру, инфрақұрылымды жақсарту мақсатында орындаушыларға тапсырма берген болатын. Осы бастама шеңберінде 2019 жылдың 7 мамыр күнгі Министрлер мекемесінің 2 мың жылдан астам тарихы бар Ховос ауданының орталығын өркендету жолында қаулы қабылданды.

Қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 30 көп қабатты тұрғын үй құрылып жатыр. Жалпы пәтер саны 760 құрыйды. Оның 600-і қол жетімді үйлер.
Бұдан басқа, жергілікті әкімшілік пен басқару органдары ғимараты, мемлекеттік қызметтер агенттігі, коммерциялық банктерде, мектептер, саябақтар, мемориалдар, кинотеатрлар, кітапханалар, мешіттер, базар орталығы, сауда және тұтыну қызметтерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы осындағы құрылыста қолданылып жатқан материалдардың сапасы мен құндылығы туралы мілңметтер алды. Сонымен қатар, локализация деңгейін арттыру және олардың құнын төмендету жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Урбанизация тұрғысынан ауданның болашағына назар аудару, қажетті жерлерді инвестициялау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және босаған жерлерді тиімді пайдалану туралы тапсырмалар берді.



Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.