ӨзА Қазақ

10.05.2019 14:55 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев «Сузік ата» кесенесіне барды

Шавкат Мирзияев «Сузік ата» кесенесіне барды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 мамыр күні Ташкенттегі «Сузік ата» кесенесіне барды.

Соңғы уақытқа дейін көптеген адамдар «Сузік ата» зират кешенін білмейтін, ондағы кесене мен ескі мешіт нашар жағдайда болатын. Шавкат Мирзиеев 2017 жылы 26 мамырда «Сузік ата» кешенінде болып, ондағы жағдайды көргеннен соң кесенені және мешітті қалпына келтіруді, оның айналасын көркейтуді тапсырған еді. 

b1a2e1e6_f39a_b4f8_e263_627b40e17023.jpg

Бүгінде сол бастамалар толығымен іске асырылып, Кесене және мешіт салынып, шамамен 8 гектардай аумақ абаттандырылды. Кешен ғимаратында мұражай, кітапхана, жергілікті қауымдастықтар кеңсесі және басқа да обекттер орналастырылды. Кесененің екі жағында орналасқан 4,5 сотық аумағына қолөнершілер үшін арнайы коттедж салынған.

Мемлекет басшысы бүгінгі аталған Кесенеге келіп оның жұмыстарымен танысты. Кесенеде зират етіліп, Құран оқылды.

14560215_70d7_8827_ae74_aeb0f02788fc.jpg

-Басқа елдер жоқ тарихын болғандай етіп жасауға тырысады. Біздер ұлы тарихымыз бен ғұламаларымыздың мұрасын халқымыз бен жастарымызға толығымен жеткізе алмадық. Өздігімізді тану тұрғысынан алып қарайтын болсақ осындай орындарға назар аударсақ, мұндайға барлығы назар аударады, -деді Шавкат Мирзияев.

bf90ba1d_21fc_7acb_fa34_4998d0f656ad.jpg

a9a32cbf_d39b_7f6d_6cc7_650da1cf5152.jpg

2c4feacf_9b79_5887_8b3b_3820aa970b42.jpg

57d887be_5ed4_a054_a68e_f1ecb8273f5a.jpg

bb8c2625_307e_f975_22cd_e16447460dda.jpg

5b5295dd_a3a4_940c_9318_55104947fe97.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.
 

ӨзА
7 149