ӨзА Қазақ

09.08.2019 05:29 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзияев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 8-ші тамыз күнінің соңына қарай Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары сұхбат шағында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Тағыда маңызды мәселеге тоқталып, Қырғызстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Көрші елдегі жағдай жақын арада қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрақталады деп үміттенді.

Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасының құқықтық мәселелерімен мұқият жұмыс істеу және шекарадағы сенім шаралары туралы, шекара туралы келісімге сәйкес оның қауіпсіздігін нығайту қажеттігі айтылды. 

Әңгіме соңында Мемлекет басшылары көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға, достыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қатынастарды нығайтуға деген ниеттерін растады.

ӨзА
3 852