ӨзА Қазақ

19.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Синдзо Абэмен кездесті

Шавкат Мирзияев Синдзо Абэмен кездесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Жапонияға ресми сапарының негізгі кездесулері 19 желтоқсанда Токиода қаласында болды.

Кантэй резиденциясында ресми қабылдау өтіп, онда Мемлекет басшысын Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ қарсы алды. Екі елдің әнұраны қойылып, Шавкат Мирзияев пен Синдзо Абэ жоғары мәртебелі қонақ құрметіне сап тартқан қарауыл алдынан өтіп екі жақ өз делегат мүшелерімен таныстырды.


Жапония Үкімет басшысы Шавкат Мирзияевты құттықтай отырып, бұл сапар Жапонияның жаңа дәуірге «Рейва» («сұлулық пен үйлсім») қадам басуындағы өзгеше өтіп жатқан шара болып, сонымен қатар екі ел арасында достық және стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен серпін беретіні жайлы айтты.


Осы жылы қабыл кездесуінен соң Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ Өзбекстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету және кеңейту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.


Ресми қабылдаулар мен кездесу және екі жақтық келісімдерге қол қойылғаннан соң Шавкат Мирзияевтың Жапонияға жасаған сапарына байланысты салтанатты қабылдау рәсімі болды. 



Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

5 748
ӨзА