ӨзА Қазақ

16.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Сергей Лавровты қабылдады

Шавкат Мирзияев Сергей Лавровты қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 қаңтарда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Сергей Лавровты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одаққа негізделген екіжақты қатынастардың даму қарқынын айтып, жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтың, өзара алмасулар мен сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетика, көлік және коммуникациялар, мәдени-гуманитарлық, білім беру және басқа салалардағы жан-жақты ынтымақтастықтың кеңейіп кележатқанын тілге алды.

Өз кезегінде Сергей Лавров Мемлекет басшысына жылы қабылы үшін алғыс білдірді және Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар екі Мемлекет басшылары елдер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне қол жеткізудегі айрықша қызметіде сөз болып, Өзбекстан мен Ресей қатынастарының өзекті мәселелер және халықаралық пен аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

64aa995d-583d-bed6-24ac-fbcdfc3a8555.jpg 

Осы жылы барысында өткізуді жоспарлаған жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық мәселесінеде ерекше назар аударылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 355
ӨзА