ӨзА Қазақ

15.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев: Сардобадағы халыққа үйлер мемлекет тарапынан тегін салып беріледі

Шавкат Мирзияев: Сардобадағы халыққа үйлер мемлекет тарапынан тегін салып беріледі

Бүгін Сырдария облысына сапармен барған Президент Шавкат Мирзияев Сардобалық жергілікті тұрғындармен кездесті.

Азаматтар мен кездесу аясында Мемлекет басшысы су қоймасында болған техногендік апат жайында айта тұрып, осы оқиғаға байланысты бүгін өзінің осында төртінші рет келіп тұрғанын және күнделікті жауапты кісілерден жағдай туралы сұрап жүргенін айтып: «Жөнделген үйлердің де, жаңаларын да мемлекет тегін салып беретін болады. 1 қыркүйекке дейін адамдар жаңа көпқабатты үйлерге және жөнделген өз аулаларына қоныс аударуы мүмкін. Сонымен қатар, үйлеріне зақым келген адамдардың бұрынғы аулалары да олардың иелігінде қалады, - деді Президент.

Су тасқынынан зардап шеккен 4500-ден астам үй иесінің әрқайсысына Өзбекстан Республикасы Президентінен 40 миллион сум көлемінде қаржылай көмек, сондай-ақ теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машинасы, мини-пештер, электр шайнектер, үтік сынды тұрмыстық техникалар мен тиісті сертификат пен банк карталары табысталды.

Апатқа орай кәсіпкер Әлішер Усманов бөлген 10 миллион долларлық қайырымдылық та осы жұмыстарға бағытталған. Бұдан бөлек Сырдария ауданына әкімдіктер, министрліктер мен ведомстволар, бизнес қауым өкілдері мен кәсіпкерлер де көмек көрсеткен.


3 525
ӨзА