ӨзА Қазақ

10.07.2019 20:07 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев сақтандыру нарығын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді

Шавкат Мирзияев сақтандыру нарығын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев шілденің 10-ны күні елдегі сақтандыру нарығын дамыту бойынша кеңес өткізді.


Сақтандыру қызметі - экономиканы әр түрлі қаржылық тәуекелдерден қорғаудың бір түрі. Алайда, осы қызметтер Өзбекстан қаржы нарығындағы рөлі әлі де жеткіліксіз.

Ағымдағы жылдың алты айында сақтандыру ұйымдары жинаған сақтандыру сыйлығы өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге асқан болса, ал сақтандыру түсімінің жан басына шаққанда 50 000 сумнан тура келеді.

Осы саланың Өзбекстанның ЖІӨ-дегі үлесі 0,4% -ды құрайды. Салыстыру үшін бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореяда 11 пайыз, Германияда 6 пайыз, Ресейде - 1,5 пайыз.

Жиында, Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік сақтандыру инспекциясыны қазіргі заман талабына тоықтай жауап беретіндей етіп реформа жүргізу мәселесі талқыланды.

Экономика секторларын сақтандыру қызметтерімен қамтудың маңыздылығы атап өтілді. Қаржы министрлігі мен Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортын сақтандыру қаражаттарының бір бөлігін мемлекеттік тараптан субсидиялау тетігін енгізу бойынша тапсырмалар берілді.

Өзбекстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жайындағы мәселеге Мемлекет басшысы оған әбден дайындалып барып, медициналық қызметтердің ең төменгі әлеуметтік пакеттерін жасақтау арқылы келу керек екендігін айтып өтті. 

1.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.  

ӨзА
2 576