ӨзА Қазақ

15.05.2019 19:41 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев «Росатом» корпорациясы басшысын қабылдады

Шавкат Мирзияев «Росатом» корпорациясы басшысын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 мамыр күні Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевты қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, Өзбекстан мен Ресейдің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуды шынайы ықыласпен атап өтті.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімерді жүзеге асыру шеңберінде алдыңғы қатарлы технологиялар мен ғылымды тарта отырып, еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша жобаны дайындау мен жүзеге асыруда тығыз байланыс жасалуда.

Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігі жанынан «Узатом» агенттігі құрылып және ол жұмыс істеп тұр. Мында атом энергетикасын нығайту бойынша он жылдық тұжырымдамасы қабылданған.

Болашақ АЭС үшін ынғайлы аймақ бойынша инженерлік іздестірудің бірінші кезеңі аяқталды. Халықаралық талаптарға сәйкес жобаның қоршаған ортаға әсері бағалануда және техникалық құжаттамалар дайындалуда.

Халықты атом энергетикасы және ядролық технологиялардың дамуы турасында кеңінен хабардар ету мақсатында «Узатом» агенттігі ғимаратында Атомдық ақпараттық технологиялар орталығы ашылды өз жұмысын бастады.

Кездесу барысында елімізде қабылданған «жол картасы» негізінде АЭС құрылысының жобасын сапалы дайындауды және іске асыруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Жаңа желіні дамыту үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев мемлекет басшысына жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында қол жеткізілген уағдаластықтарды уақтылы және жан-жақты іске асырудағы ниеті берік екендігі жайында айтты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.


ӨзА
5 167