ӨзА Қазақ

13.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев: Президентке өтірік сөйлеу – Отанға опасыздық

Шавкат Мирзияев: Президентке өтірік сөйлеу – Отанға опасыздық

Президент Шавкат Мирзияев Хорезмге жасаған жұмыс сапары аясында Үргенш қаласында облыс пен аудан әкімдері, жергілікті кеңестер депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

-Біз халықтың тұрмысын жәнеде жақсарту мақсатында бастаған реформаларды адамдармен сұхбаттасу және кеңесу арқылы жасаудамыз. Мен Хорезмге сол мақсатта, халықты қинап жатқан қандай мәселе бар екенін білуге келдім. Сол үшін маған көптеп сұрақтар қойсаңыз дұрыс нәтиже болады. Бүгінгі көрініс кешегі өтіріктің арқасында осы күндерге әкелді. Президентке өтірік сөйлеу - бұл Отанға опасыздық», - деді Шавкат Мирзияев.


Осы кездесуде облыстың инфраструктурасы толық айтылып, онда аймақтың даму көрсеткіші артта қалып бара жатқандығымен жан басына шаққанда аумақтағы өнім республикалық көрсеткіштен 1,5 есе, өнеркәсіп өнімдері мен қызмет көрсету көлемі 2 есе төмен екендігі сынға ілікті. Қазіргі күнде облыста 58 мың отбасы кедейлікте күн көретін болса, оның 856-сы нашар жағдайда. Көптеген адамдар шетелге жұмыс істеуге кеткен. Осының бәрін түйіндей келе, Хорезмде 200 000 жұмыс орнын құру қажет.

Мемлекет басшысы - халықты кәсіпкерлікке тарту және жаңа кәсіптер мен жұмыс орындарын құру арқылы аумақтағы кедейлік деңгейін төмендетуге басты мақсат екенін айтты.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

4 250
ӨзА