ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев пен Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзияев пен Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 1 маусымда Қырғыз Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары кеше «Чашма» шекара аймағында болған оқиғаға байланысты мәселені талқылады және осындай жағдайдың қайталанбауы үшін тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Үкімет делегациялары өткізген келіссөздердің табысты нәтижесі айтлып, екіжақты қатынастардың қолданыстағы мәселелерін реттеу және практикалық ынтымақтастықты жандандыру, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-коммуникация салаларындағы жаңа өсу нүктелерін айқындауға күш салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осыған байланысты Өзбекстан мен Қырғызстанның бірлескен үкіметаралық комиссиясының және шекара маңы өңірлерінің басшылары кеңесінің отырыстарын үнемі өткізу туралы ұсыныс қолдау тауып, коронавирус пандемиясының салдарымен күресу үшін тығыз ынтымақтастық пен ведомствоаралық алмасуды жалғастыру қажет екендігі де сөз болды.

Мемлекет басшылары бауырлас халықтардың игілігі үшін Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы көп ғасырлық достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға деген шешімін тағы да қуаттады.

Әнгімелесу барысында халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

5 068
ӨзА