ӨзА Қазақ

29.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев кездесу өткізді

Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев кездесу өткізді

29 қараша күні Ташкентте Орталық Азия Мемлекет басшыларының екінші Консультациялық кездесуі аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Кездесудің басында Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстанға жасаған сапарымен құттықтап, жәнеде Өзбекстанда аймақтық ел басшыларының кездесуін өткізу туралы бастамасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы жылдарда бірлескен күш-жігердің арқасында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі тығыз байланыстар нақты практикалық мағынамен байытылған сапалы жаңа деңгейге көтерілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде, Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен 2018 жылы Астанада (қазіргі - Нұр-Сұлтан) өткен Орталық Азия елдері басшыларының Консультациялық кездесулері аймақтағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және серіктестіктің практикалық жобаларын ілгерілету үшін тиімді алаңға айналуда, деді.

6bd3ce0e-9c20-9eb5-1e38-6c522a7f5b04.jpg

Тараптар екіжақты қатынастар, сондай-ақ жаһандық және аймақтық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.

14 048
ӨзА