Шавкат Мирзияев пен Александр Лукашенко Минск қаласындағы Тәуелсіздік сарайында кездесті
Алдымен жоғары дәрежедегі қонақты күтіп алу рәсімі өтіп, содан соң Мемлекет басшылары шағын түрдегі кездесу өткізді.
Алдымен мұнда жоғары дәрежедегі қонақты күтіп алу рәсімі өтіп, содан соң Мемлекет басшылары шағын түрдегі кездесу өткізді.

Сұхбат басында, Беларусь Президенті Шавкат Мирзияевті осында арнайы сапарлап келгендігімен құттықтап, бұл жағдай өте маңызды екенін атап өтті.
-Соңғы екі жыл ішінде Сізбен бірге мемлекеттеріміз арасындағы қатынастарды түбегейлі өзгерттік, біз оларды қайта орнаттық. Осы уақыт ішінде біздер, анықтап айтсақ 25 жыл ішінде жасаған істерімізден әлдеқайда көп нәрсе жасадық. Екі ел арасындағы тауар айналымы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді осы мәселені жүйелі түрде арттыру қажет. Өңірлерді кооперациямен байланыстыру жөніндегі бастамаңыз осы сапардың ерекшелігі болып табылады. Аймақтардың басшылары өзара сапарлар, көрмелер мен мәдени күндер ұйымдастырды.
Мұның бәрі сіздің Беларуссияға сапарыңыздың маңыздылығын арттырады. Ең бастысы, жергілікті әкімшіліктердің басшылары ынтымақтастық туралы көптеген келісімдерге қол қойылды. Біздің жұмысымыз - жол ашу, және біз оны жасай алдық,- деді Александр Лукашенко.
Мұның бәрі сіздің Беларуссияға сапарыңыздың маңыздылығын арттырады. Ең бастысы, жергілікті әкімшіліктердің басшылары ынтымақтастық туралы көптеген келісімдерге қол қойылды. Біздің жұмысымыз - жол ашу, және біз оны жасай алдық,- деді Александр Лукашенко.

Өз кезегінде, Шавкат Мирзияевта арнайы шақырғаны үшін жәнеде жылы қабылдау мен ерекше қонақжайлық құрмет көрсеткендігіне шынайы ырза болып, Өзбекстан Беларусямен серкітестік байланыстарын кеңейтуге ерекше назар аударатынын жеткізді.
-Сіздің Өзбекстанға жасаған тарихи сапарыңыз бен келіссөздерімізден кейін мемлекеттеріміз арасында ынтымақтастық барлық салада жаңа және айқын мағынамен толықтырылды. Бұған айқын мысал - ретінде елдеріміздің арасындағы табысты ынтымақтастықты айтуға болады. Біздер өзара алмасулар үшін жақсы негіз жасадық. Сіздермен барлық деңгейде ынтымақтастыққа деген ынта бар. Бүгін біз жеткен нәтижелерді талдап, болашақта әлі бірлесіп жұмыс істей алатын өсім бағыттарын анықтағанымыз маңызды,- деді Шавкат Мирзияев.

Келіссөздер аясында мемлекет басшылары халқаралық және аймақтық маңызға ие мәселелер жөнінде пікір алмасты.



Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.