ӨзА Қазақ

27.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев отандық және шетелдік блогерлермен сұхбаттасты

Шавкат Мирзияев отандық және шетелдік блогерлермен сұхбаттасты

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Шығыс эстрадасы» халықаралық музыкалық фестивалін насихаттау үшін келген отандық және шетелдік блогерлер мен болған сұхбаттасып соң, қазіргі күнгі заман үрдісін жалғастырып олармен бірге селфиге түсті.

Мемлекет басшысы блогерлермен сұхбат кезінде оларға, Өзбекстан қазіргі кезде әлем елдеріне өз есіктерін айқара ашып, осындағы барша шындықты халықаралық қауымдастыққа жеткізуге тырысып жатқанын жеткізді.

- Сіздермен ғазиз Өзбекстанда, оның көне өркениеттің ортасы болған Самарқанд қаласында кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Бүгін біздер Өзбекстанның жаңа тарихын құрып жатырмыз. Біздің мақсатымыз - халқымызға қызмет ету, адамдардың көңіліне жол таба алу және оларды болашаққа сенімді қадам басуына негіздеу. Осыған сіздерде өз үлесіңізді қосасыздар деп үміттенемін –, деді Шавкат Мирзияев.

Сұхбат соңында Өзбекстан Президенті блогерлермен суретке түсіп олардың жұмыстарына сәттілік тіледі. 

8 388
ӨзА