ӨзА Қазақ

14.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев: Қолөнердің пайда болуы - өркениетке бастайтын маңызды тарихи қадам

Шавкат Мирзияев: Қолөнердің пайда болуы - өркениетке бастайтын маңызды тарихи қадам

Қоқан қаласында бүгін 14-ші қыркүйекте алғашқы Халықаралық қолөнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті.


Фестивалдің ашылу салтанатында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев қатысып, өз сөзінде атаулы фестивалге келген алыс-жақын қонақтардың баршасын құттықтап, назар аударған барлық журналист, БАҚ өкілдері мен шетелдік саяхатшыларға алғысын білдірді.

-Жалпыға ортақ мәдениеттің ажырамас бір бөлігі болып табылатын қолданбалы өнер әлемдегі әр халықтың өмірінде, өмір салты мен құндылықтарының дамуында ерекше рөл атқарады. Адамзаттың саналы өміріндегі қолөнер - өркениетке бастайтын маңызды тарихи қадам.

Бұл халықаралық фестиваль тек көп ұлтты Өзбекстан халқы үшін ғана емес, бәлкім жаһан қолөнершілері мен әлем шеберлері үшін де үлкен мереке десек дұрыс шығар. Өйткені бұл көне тарих пен қазіргі күн белгісін, түрлі құндылықтар мен дәстүрлерді өзінде бейнелейтін, сағынған көңілдерді біріктіретін нағыз достық пен ынтымақтастық конференциясы, - деді мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев.

Бұл фестивал мемлекет басшысының 2018 жылғы 1 қарашадағы қаулысына сәйкес өтіп жатыр. Фестивал қарсаңында Қоқан қаласының тарихында тағы бір маңызды оқиға болып - Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі Қоқан қаласына «Әлемдік қолөнершілер қаласы» -деген ұлы атағы берілді.