ӨзА Қазақ

20.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы мен Елбасы бір-бірін және бауырлас Өзбекстан мен Қазақстан халықтарын келе жатқан көктем, жасару және жаңару мерекесі - Наурызбен құттықтап, осынау ежелден тойланып келер мейрам екі бауырлас халықтың тату көршілік пен жақсы серіктестік, ортақ тарих, мәдениеті және дәстүрлері мен тығыз байланысты болғандығы ерекше екендігі айтылды.

Сондай-ақ екі мемлекет коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мен оның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін азайту және көпжақты Өзбекстан – Қазақстан қатынастарының қазіргі қарқынына теріс әсерін азайту үшін қатаң шаралар қабылдануы жайлы сөз болып, Үкімет деңгейінде күш-жігерді тиімді үйлестіру және тығыз ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екендігі айтылды.

Әнгіме барысында тараптар екіжақты қатынастардың өзекті аспектілерін талқылады, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентіның баспасөз қызметі хабары.

5 127
ӨзА