ӨзА Қазақ

21.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Нүкіс қаласында жиын өткізді

Шавкат Мирзияев Нүкіс қаласында жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың төрағалығымен Нүкіс қаласында Қарақалпақстанды жан-жақты дамыту бойынша кеңес өтуде.

Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кеңесі, қала және аудан секторларының басшылары, министрлик пен ведомстволардың басшылары қатысқан жиында, Қарақалпақстанда жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында сөз болды.
Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында жалпы өңірлік өнім 7,2 пайызға, ауыл шаруашылығы өндірісі 5,4 пайызға, құрылыс 45 пайызға өскені айтылып, сондада өңірде әлі де күрделі проблемалар бар екендігі, индустриялық даму мен жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс жеткіліксіз болып тұрғаны жайында да, сөз айтты Шавкат Мирзияев. 

d27c9961-0ad1-3a18-bb5a-aa7ea917c333.jpg

-Мен мұнда қолды шапалақтау үшін емес, жұмыс жасау үшін, халқымыздың тұрмысын көру үшін келдім. Дүниетанымын өзгертпеген сектор жетекшілері біздерге кедергі келтіреді. Жұмысқа орналасқан бір ғана қыз-келіншектің бақытын елестете аласыз ба? Жастарды дұрыс бағытқа кім жетелейді? Сіздер Мойнақтың қазіргі жағдайын көрдіңіздер. Адамдардың көзінде «мұны істе болады екен ғой» деген нұр бар. Алайда енді бұл тарих. Мұндай өзгерістер әр ауданда жасалуы керек.

Соңғы үш жыл ішінде біз түбегейлі реформалардың нәтижесінде көптеген салаларды оңтайландырдық және олардың дамуына кедергі келтіретін шектеулердің барлығын жойдық. Қарақалпақстанда да әрбір сектор басшысы шектеулерді жойып, кәсіпкерге қызмет етемін деген ұранмен жұмыс жасауы керек », - деді Президент.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.

7 842
ӨзА