ӨзА Қазақ

07.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев мұнай-газ саласының тиімділігі арттыру бойынша тапсырмалар берді

Шавкат Мирзияев мұнай-газ саласының тиімділігі арттыру бойынша тапсырмалар берді

6 ақпанда Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың төрағалығымен мұнай-газ саласының тиімділігі, табиғи газ бен сұйық көмірсутектер өндірісін ұлғайту жөніндегі осы жылға арналған міндеттерді атқаруға арналған кеңес өтті.

Жиында биылғы қазып алынар табиғи газ бен мұнай өндірісін арттыру және халықты табиғи газбен қамту жұмыстары жайлы сөз болып, ондағы керітартпа жағдайдың бірі кәсіпорындардың модернизациялау процесінің орындалмауы сынға ілікті.

-Бір жағдайды баршамыз түсінуіміз керек. Біз өткен жылы саладағы кемшіліктер туралы көп айттық. Енді мұны доғарып жұмысқа көшуіміз керек болады. Дәл қазір мұнай-газ саласындағы жетекшілерге көмектесіп сектордың дамыуына атсалысамыз немесе ол біздің экономикамыздың адымдауына қарсы қамал болып, алға қойған экономикалық өсу жоспарларымызды жоққа шығарады», - деді Президент.

Жоспар бойынша мұнай-газ секторын реформалау бойынша «жобалық кеңсеге» жетекші халықаралық консалтингтік компанияларды тарту қажеттігі мен саланың барлық кәсіпорындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүйесі енгізіледі және жетекші мамандардың жалақысын жұмыс өнімділігіне қарай бағалау деңгейіне өтетін болады. 


Сонымен қатар халықты сұйылтылған газға болған қажеттілігін қамту мақсатында пропан-бутан қоспасын ажыратып алу құрылғысын жасау мен модернизациялау бойынша 3 жоба аяқталуы тиіс екендігі айтылды. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 534
ӨзА