ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев карантиндік талаптарды одан әрі жеңілдету жөнінде жиын өткізді

Шавкат Мирзияев карантиндік талаптарды одан әрі жеңілдету жөнінде жиын өткізді

13 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен елдегі карантинге қойылатын талаптарды одан әрі жеңілдету, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыру шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Жиында пандемиямен күресу және карантин жағдайында тұрғындар мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтылып, осы жағдайларға байланысты дағдарысқа қарсы қордан 3 трлн сум бөлінгені және қалыпты жағдайға қайтуға қосымша 1 трлн сум ақша ажратылып жаңа инвестициялы жобалар басталып кеткені жөнінде сөз болды.

Бұдан бөлек 87 мың кәсіпкерлік субъектісіне 18 трлн сум, ал 2 миллионға жуық азаматқа 5 трлн сумнан астам банктік кредиттерді қайтару мерзімі ұзартылған болса, өткен айдың өзінде 250 000 кәсіпкер мен кәсіпорын, 83000 шаруа қожалығы жалпы сомасы 400 млрд сумға тең болатын салықтар мен басқа да төлемдерді кешіктіргені мен 11 мыңнан астам мемлекеттік кәсіпкерлер жалдау ақысын төлеуден босатылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен пандемия жағдайында бұған дейінгі кәсіпкерлер мен халықты қолдау сынды жеңілдіктер жалғасатын болып, мамыр-шілде айларында шағын бизнес пен шаруа қожалықтары үшін әлеуметтік салық ставкасы 12 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетіледі. Нәтижесінде 260 000-нан астам кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары 650 млрд сум көлемінде ақша үнемдеуге және оларды негізгі және айналым капиталы ретінде пайдалануға мүмкіндік алатын болды.

Сондай-ақ жиында елдегі эпидемиологиялық жағдай аймақ басшыларының ұсыныстары негізінде карантинге қойылатын талаптарды одан әрі төмендету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «жасыл» және «сары» аудандарда санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, қызмет түрлеріне жәймен жол беруге болатындығы айтылды.

Инфекция қаупіне байланысты төлемдер қолма-қол ақшасыз жүргізілетіні белгілі. Халықтың, әсіресе зейнеткерлердің өтініштерін ескере отырып, жалақы, зейнетақылар мен жәрдемақыларды карантин ережелеріне сай, ақшалай түрде беру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жиында үкіметтегі ауыс-түйіске де тоқталып «Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қызметін жетілдірудің қосымша шаралары туралы» Жарлығы қабылданғаны жөнінде айтып, осы құжатпен Премьер-Министрге жаңа міндеттер жүктелді және оның орынбасарлары арасында қайта бөлінді.

Әлеуметтік саланың маңыздылығы артқан сайын Премьер-министрдің әлеуметтік даму жөніндегі жаңа орынбасары лауазымы енгізіліп, оған бүгінге дейін Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы болған Бекзод Мусаев тағайындалды. Ал, Мемлекеттік салық комитетінің басшысы лауазымына Президенттің Мемлекеттік қызмет және өкілетті органдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Шерзод Кудбиев тағайындалғаны айтылды.


3 435
ӨзА