ӨзА Қазақ

15.07.2019 22:52 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев кәсіптік білім берудің жаңа жүйесін құру жайында жиын өткізді

Шавкат Мирзияев кәсіптік білім берудің жаңа жүйесін құру жайында жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 шілде күні үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта барлық салаларда мен жүйелерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аймақтарда жаңа кәсіпорындар жұмыс бастап, әлеуметтік инфрақұрылым дамып жатыр. Алда үлкен жоспарлар мен мақсаттар бар.

Сондықтан соңғы жылдары білім беру жүйесіне жаңғырту енгізіліп, қазіргі заманғы нысандар мен технологиялар енгізілдуде. Өңірлерде жаңа шетелдік білім беру ордалары құрылып, сұраныс жоғары білікті мамандар даярлауға жағдай жасалуда.

Жиында орта буын мамандықтары мен жұмысшы кәсіптік мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін құру мәселелері талқыланды.

Онда, колледждер негізінде кәсіби білім беру мекемелерінің жаңа желісін құру міндеті қойылды. Бұл мекемелерде бастауыш, орта және орта арнаулы кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары негізінде мамандар даярланады. Білім берудің мерзімі қажетті білім, білікті және дағдыларының күрделілігіне байланысты әр түрлі болады.

Мемлекет басшысы жаңа кәсіптік білім беру жүйесіні еңбек нарығы талаптарына сай болатындай етіп жасау мәселесін алға тартып, осы бастамаға байланысты тиісті атқарылар жұмыстарды тапсырды. 

1.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.  

ӨзА
6 182