ӨзА Қазақ

12.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев «Global Food Impeks» ЖШС-тің жасаған заманауи жылыжайымен танысты

Шавкат Мирзияев «Global Food Impeks» ЖШС-тің жасаған заманауи жылыжайымен танысты

Бүгін Хорезм облысына жұмыс сапарымен барған Президент Шавкат Мирзияев ондағы «Global Food Impeks» ЖШС тарапынан жасалған заманауи жылыжайымен танысты.

23 гектарлы аймаққа арналған жылыжайдың бірінші кезеңінде 10 гектарында жұмыс басталып қазірде 140 азаматты жұмыс істеуе. Биыл жыл басында жеміс бере бастаған көшеттерден бүгінге дейін 480 мың доллар экспорт жасалып, жыл соңына дейін 4-5 миллион долларлық өнім сатылу көзделген.

Биыл осы жобаның екінші кезеңі 13 гектар аймақта жүзеге асырылып тамызға дейін пайдалануға тапсыру жоспраланған болып, онда қызанақ, қияр, құлпынай, гүлдер мен басқа өнімдер өсіріледі. Кәсіпорын толық жұмысқа түскен кезде мұнда 280 жұмыс орны ашылады. Мұндағы өнімнің 80 пайызы көрші елдер мен Ресей, Түркия елдеріне экспортталмақ.

«Global Food Impeks» ЖШС-тің жұмысымен танысқа Президент: - ауыл шаруашылығында жаңа дүниетаным пайда болды. Міне, егер адам жұмысты білсе, қанша кіріс алуға болатындығы туралы мысал. Хорезмде топырақ тұзды. Бұл аудандарда заманауи жылыжайларды 100-200 гектарға дейін кеңейту қажет. Адамдар үшін жұмыс орны да, экспортта болады», - деді Мемлекет басшысы.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.


4 339
ӨзА