ӨзА Қазақ

29.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Шавкат Мирзияев Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

29 қараша күні Ташкентте Орталық Азия Мемлекет басшыларының екінші Консультациялық кездесуі аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшылары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген Өзбекстан-Тәжікстан ынтымақтастығының дамып келе жатқандығын айтып, бірлескен күш-жігердің арқасында бүгінде сауда-экономикалық қатынастар белсенді дамуы мен түрлі салалардағы ынтымақтастық артып, мәдени-гуманитарлық алмасу кеңейіп келе жетқанын сөз етті.

Тараптар екі бауырлас ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ маңызды өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық және тату көршілік пен стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін атап өтті.

5f221beb-8e3d-f066-faf0-fcd890ec7cb4.jpg


7 793
ӨзА