ӨзА Қазақ

15.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Эмомали Рахмонмен кездесті

Шавкат Мирзияев Эмомали Рахмонмен кездесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Душанбе қаласындағы Ұлт сарайында Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.


Мемлекет басшылары Өзбекстан – Тәжікстан арасында достық, тату көршілік және көп салалы серіктестік байланыстары дәйекті түрде дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Кездесуде, өзара саяси және экономикалық біріккен әрекеттер нәтижесінде стратегиялық серіктестік жобалар жүзеге асып жатқаны айтылды. Тауар айырбастау көлемі артып, мәдени – гуманитарлық салалардағы тәжірибе алмасулары орын алып, аймақтар арасында байланыс артып келе жатқаны атап өтілді.

Шавкат Мирзияев Тәжікстан Президентіне Душанбеде өтетін саммиттің ойдағыдай өтуіне сәттілік тіледі. 

3.jpg  

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.

11 922
ӨзА