ӨзА Қазақ

28.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев елдегі транспорт саласын сынға алды

Шавкат Мирзияев елдегі транспорт саласын сынға алды

28 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев көлік жүйесін тиімді ұйымдастырудың басымдықтарын талқылаужөнінде жиын өткізді.

Мемлекет басшысының перменімен 2019 жылдың 1 ақпанында құрылған Көлік министрлігі қазіргі күнде елдің транзиттік әлеуетін дамытуға байланысты толықтай мүмкіндікті игералмай отыр.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша Өзбекстан транзит тасымалын қазіргі 7 миллион тоннадан 16 миллион тоннаға, ал аймақтық жобалар арқылы 2030 жылға қарай 23 миллион тоннаға дейін арттыруға болады.

Осы мақсатта Теміржол жүйесін түбегейлі реформалау мен секторға жеке капиталды кеңінен тарту жөнінде нұсқаулар берілді. Бірақта Азаматтық авиацияның тәуелсіз ұйым ретінде өз жұмысын алға қоймағандығы арқасында реформалардың нәтижесі көрінбей келе жатқаны айтылды.


Президент Шавкат Мирзияев елдегі автокөлік жолдарында да жетерлі проблемалар бар екені жайлы сөз қозғап, оны жақсарту мәселесіне де тоқталды және халықаралық сарапшылардың көмегімен автомобиль жолдарын дамыту стратегиясын әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді. Сондай-ақ жиында, Көлік министрлігі жанындағы бақылаушы органдардың жұмысы ескірген және олардың қызметін қазіргі заманғы талаптар негізінде жетілдіру қажет екендігі айтылды.

8 021
ӨзА