ӨзА Қазақ

08.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев ел аумағында кәсіпкерлерді көбейту керектігін айтты

Шавкат Мирзияев ел аумағында кәсіпкерлерді көбейту керектігін айтты

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 8 қаңтарда Мемлекеттік бюджет параметрлерінің орындалуы мен аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына арналған видеоселекторлы жиын өтті.

Атаулы жиында Мемлекет басшысы кәсіпкерлер санын арттыру мен қарапайым жандарды табысты ету керектігін алға тартып, әр бір әкім бюджетке қосымша қаржы құйуы үшін кәсіпкерге барлық жағдайды жасау және олармен бірге қоян-қолтық араласу керектігін айтты.

Бүгінгі күнде Өзбекстанның ұлттық салық жүйесі халықаралық стандарттық талаптарға толық негізделген болып, салықтар саны мен ставкалар оңтайландырылды. Қосымша құн салығы 20 пайыздан 15 пайызға төмендетілгендігі арқасында республикада өз кәсібін жолға қойған кәсіпкерлер ықтиярында 2 триллион сум қаржы қалған. 


Бюджет кірістерін ұлғайтудың тағы бір маңызды бағыты - бұл мемлекеттік активтер болғандықтан, осыған байланысты шенеуніктерге мемлекеттік нысандарды, соның ішінде май мен алкоголь өндіретін кәсіпорындарды жекешелендіру, ірі салық төлеушілерге дивидендтердің мөлшері мен жиілігін белгілеу міндеті жүктелді.

«Бүгінгі жиында белгіленген тапсырмалардың орындалуын қадағалау экономикалық кешендерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, биылғы жыл үкімет пен өңірлер үшін «экономикалық кешенді жұмылдыру жылы» болады, деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

7 574
ӨзА