ӨзА Қазақ

12.08.2019 21:50 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев экспорт, инвестиция және өндіріс мәселесіне арналған жиын өткізді

Шавкат Мирзияев экспорт, инвестиция және өндіріс мәселесіне арналған жиын өткізді

12 тамыз күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен экономика саласы мен аймақтардың экспорттық әлеуетін арттыру және олардан тиімді пайдалану, инвестицияларды, ең алдымен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және өндірісті оқшаулау, оның ауқымын кеңейту мәселелеріне арналған видеоселекторлы жиын өтті.

Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Экспортқа қолдау көрсету және оны өркендетуді күшейту жөніндегі іс-шаралар жөніндегі» жарлығына сәйкес, экспортты қолдау ұлттық жүйесі құрылып, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің жанында Экспортты ынтадландыру агенттігі өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, 205 атты тауарларды экспорттау кезінде көлік шығындарының 50 пайызын төлеп беру жағдайыда жолға қойылды.


Жиында «Узтуқимачилик» қауымдастығы, «Узбекозиқовқатхолдинг» компаниясы және Ташкент қаласы, Ферғана, Әндіжан және Ташкент облыстарында экспортты ұлғайтудың қолда бар мүмкіндіктері толық пайдаланылмағаны айтылып, осы жұмыстарға жауапкер басшылар экспорттаушылардың шаруаларымен жүйелі түрде айналыспай жатқаны, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаратылған мүмкіндіктерді бермей олардың сыртқы нарыққа шығуына көмектеспегендері қатты сынға алынды.


-Бізде экспорттық мүмкіндіктер көп. Мақта талшығы, жеміс-жидек пен көкөністерді қайта өңдеп, сыртқы нарық сұранысына керек тауарлар шығару ел дамуының бір бағыты болуы керек. Сол арқылы экспортты ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ие боламыз, - деді Шавкат Мирзияев.

Президенттің биылғы жылғы 29 шілдедегі қабылдаған «Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін одан әрі дамыту жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы» жарлығы осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға және аграрлық салаға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған болатын.

Жарлыққа сай 2019-2021 жылдарда құны 1 млрд доллар болатын 45 агрологистикалық кешендер мен қайта өңдеу бойынша 205 жаңа қуатты нысандары және 36 мың гектар жерге интенсивті баулар салу жоспарланған.


Кездесуде осы бағытта атқарылған жұмыстар жайында да айтылып, белгіленген шараларды уақтылы жүзеге асырудың және жемістер мен көкөністер экспортын 2021 жылға дейін 2 есеге ұлғайтудың маңыздылығын қажеттілігі айтылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

ӨзА
2 666