ӨзА Қазақ

01.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев екі тұжырым бойынша әлем чемпионы болған боксшыны құттықтады

Шавкат Мирзияев екі тұжырым бойынша әлем чемпионы болған боксшыны құттықтады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев күні кеше Американың Майами штатында өткен жекпе-жекте WBA және IBF белбеулерін жеңіп әлем чемпионы атанған алғашқы өзбек боксшысы Муроджан Ахмадалиевті құттықтады.

«Муроджан әуелі сенің бапкер, тәрбиешілеріңді бүкіл халқымызды бокс бойынша қол жеткізген тарихи жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын. Сан мыңдаған құрбы-құрдастарыңа үлгі боларлық нәтиже көрсетіп, қажымас қайрат пен батырлықтың арқасында кәсіпқой бокстың екі үздік (WBA Super және IBF) тұжырымы бойынша ұлы жеңіске қол жеткізгенің мен әлемдік бокстағы ұзақ жылдық трихи рекордты жаңартқаның қашанда мақтауға лайықты.

Халқымыздың сенімін ақтап, тәуелсіз Өзбекстанның спорты тарихында мүлдем жаңа жарық бетті ашқан өзіңдей ержүек ұландарымызбен әрқашан мақтанамыз және шын жүректен мақтаймыз. Муроджан балам, сен рингте өзбек жігіттерінің жігерлі, рұхты әрі мықты екенін және желкесі жер искемеген ұлы батырлар ұрпағы екеніңді, Өзбекстанды бокс еліне айналып кележатқанын тағы бір дәлелдей түстің.

Осы мезетті пайдаланып, Отанымыз жалауын халықаралық ареналарда жәнеде биіктерге көтеру жолыңда сәттілік пен жанұялық бақыт және жаңа табыстар тілеймін.

Құрметпен,

Шавкат Мирзияев 
Өзбекстан Республикасы Президенті

7 265
ӨзА