ӨзА Қазақ

10.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев ЕҚДБ президентін қабылдады

Шавкат Мирзияев ЕҚДБ президентін қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 маусым күні Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти бастаған делегацияны қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақтарды жылы қабылдап, Өзбекстан және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы серіктестік байланыстар дәйекті жалғасып жатқандығымен өзара тиімді ынтымақтастық нығайып келе жатқанын тілге тиек етті.\

Өткен жылдың қазан айында банктің Өзбекстан бойынша мемлекеттік стратегиясы қабылданды. ЕҚДБ сарапшылары көмегінде энергетика, банк және қаржы секторлары, капитал нарығын дамыту және мемлекеттегі бәсекелестік ортаны жақсарту бойынша бағдарламалар жаратылып жатыр және амалда орындалуда.

Қазірде бірлескен жобалардың аясы кеңейіп келеді. Заем туралы келісімге қол қойылып, жалпы соммасы 600 миллион доллардан астам қаржыны тарта отырып еліміздің өңірлерінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша басым инвестициялық жобалары дайындалуда. Жеке сектордағы жобаларға 100 миллионнан астам доллар инвестиция тартылатын болды.

1.jpg

2.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

6 151
ӨзА