ӨзА Қазақ

30.05.2019 14:44 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Дмитрий Медведевті қабылдады

Шавкат Мирзияев Дмитрий Медведевті қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 мамыр күні үкімет басшылары дәрежесіндегі Бірлескен комиссияның бірінші отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келген Ресей Федерациясы Үкімет Басшысы Дмитрий Медведевті қабылдады.

Мемлекет басшысы келген қонақты құттықтап, стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухтағы екі жақтық байланыстар жедел дамып келе жатқанын шынайы көңілмен жеткізді. 

96554f12-59fe-aa83-1875-40064e8183bc.jpg

Өз кезегінде Ресей Үкімет Басшысы жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтауы мен сәлемін жеткізді.

Кездесуде жоғары дәрежедегі тұрақты әрі тиімді байланыс, Ресей Президентінің өткен жылдың қазанын айында Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізген келісімдердің бірлесіп жүзеге асыруы көп жақты Өзбекстан-Ресей байланыстарын кеңейтуге, практикалық ынтымақтастықты нақты бағдарламалар және жобалар мен байытуға қызмет ететіні жайында айтылды. 

Екіжақты қарым-қатынастар мен алмасулар белсенділігі ерекше атап өтілді. Тауар айналымы өсіп келеді, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп беру бойынша «жасыл дәліз» тиімді жұмыс жасауда, тоқыма өнімдерін жеткізудің кедендік рәсімдері жеңілдетілген.

36551f5b-fb71-36e3-de54-3a11bcb2810c.jpg

Екіжақты экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында өңірлер мен іскер адамдар деңгейінде 13 миллиард доллардан асатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда Ресейдің «Газпром», «Лукойл», «Форус», «Татнефть», «Силовые машины», «Камаз», «Евроцемент», «Экокультура», «Газпромбанк», «ВЭБ» тағы басқа көптеген компаниялары мен банктері қызмет көрсетуде.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.  


ӨзА
6 276