ӨзА Қазақ

11.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жиын өткізді

Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жиын өткізді

11 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев мемлекетте халық денсаулығын сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылауға арналған жиын өткізді.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның (COVID-19) бүкіл әлем бойынша таралуы Өзбекстан тұрғындарын да алаңдатып отыр. Әлемде сыналып жатқан аурудың Өзбекстанға келмеуін қамтамасыз ету, ең алдымен, осындағы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді талап етеді, деді Президент.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне және Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігіне карантиндік және профилактикалық іс-шаралар бойынша қосымша нұсқаулар беріліп, халықтың салауатты өмір салтын насихаттау орталығын құру және Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттіктің әлеуетін осы міндеттерді тиімді ұйымдастыруға бағыттау қажет екендігі айтылды.

Осы агенттік облыстар мен аудандарда жеке орталықтар құратын болады. Ауылдық емханаларда жұмыс істеуге үшеуге дейін арнайы маман тағайындалатын болып олар ауыл тұрғындарын дұрыс тамақтану, гигиена, онкологиялық және жүрек-тамыр ауруларына жақын болған жандарды анықтаумен айналысады.


Ауылдық денсаулық сақтау орталықтары тұрғындарға жұқпалы және жұқпалы емес аурулар бойынша мақсатты медициналық тексерулер мен сауалнамалар ұйымдастыруы керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қазіргі жағдайы бұл жұмыстарға дайын емес екендігі де сырт қалған жоқ. Президент дәл осы саладағы ғылымды дамыту, ғылыми-зерттеу институттарын қолдау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

2 890
ӨзА