Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллер басшылығындағы делегацияны қабылдады.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 19 шілдеде Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллер басшылығындағы делегацияны қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақтарды жылы қабылдап, Өзбекстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше ықыласпен атап өтті.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Ташкентте болған Экономикалық кеңестің бірінші отырысы мен энергетикалық секторды реформалау бойынша дөңгелек үстел сұхбаты табысты өтіп, онда ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары мен келешектегі әріптестік бойынша нақты бағдарламалар мен жобалар анықталды.

43ca01a7-cb5b-db40-a213-4c8674101b3b.jpg

Бүгінгі таңда Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан жобалардың портфелі жалпы 5,2 млрд доллардан асты. Биылғы жылдың өзінде Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы кәсіпкерлікті, мектепке дейінгі тәрбиені және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін 850 млн доллар қаржы бөлді.

Кездесуде, банк және қаржы секторындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және мемлекеттік кәсіпорындардың, білім берудің, кәсіпкерліктің және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің реформалануына ерекше назар аударылды.

Сирил Мюллер Мемлекет басшысына жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Мелпасстың құттықтауы мен жылы тілектерін жеткізді.

15a47fa8-83d8-71b4-a274-025f6f081272.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Дүниежүзілік банктің делегациясын қабылдады