ӨзА Қазақ

24.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Шавкат Мирзияев «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Мәскеудегі Александр саябағындағы «Белгісіз солдатқа» арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Атаулы маңызы бар кешен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Отан қорғауда ерлікпен қаза тапқан әртүрлі ұлттың миллиондаған жауынгерлерінің ұмытылмас рухына арналған. 1966-1967 жылдары салынған кешенде мәңгілік от алаулап тұрады. Оған Ресей Федерациясының мәдени мұра нысаны мәртебесі берілген.

Президент Шавкат Мирзияев адамзаттың бейбітшілігі үшін өз өмірін құрбан еткен патриот жандардың рухына құрмет көрсетті.


2 818
ӨзА