ӨзА Қазақ

31.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Беларусь Республикасына ресми сапармен аттанды

Шавкат Мирзияев Беларусь Республикасына ресми сапармен аттанды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың шақыруымен 31 шілде күні ресми сапармен Минск қаласына аттанды.

Алдағы өтер жоғары дәрежедегі келіссөздер аясында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын талқылау, сондай-ақ аймақтық және халықаралық маңызға ие өзекті мәселелер бойынша пікір алмасулар жоспарланған.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. 

5 127
ӨзА