ӨзА Қазақ

02.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев, Біріккен Араб Әмірлігіндегі сапары барысында қабылданған маңызды келісімдер мен бітімдерді жүзеге асыру жайында жиын өткізді

Шавкат Мирзияев, Біріккен Араб Әмірлігіндегі сапары барысында қабылданған маңызды келісімдер мен бітімдерді жүзеге асыру жайында жиын өткізді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 1 сәуір күні, өткен аптадағы Араб Әмірлігіне сапары барысында қабылданған бірқатар келісімдер мен бітімдерді жүзеге асыру мәселесі жайында жиын өткізді.

Елбасы өткен аптада Абу-Даби және Дубай қаласында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірі шейх М. Әл Мақтум және елдегі үкімет мүшелерімен кездесті.

Екі жақтық ынтымақтастық кездесу соңында Бірлескен мәлімдеме жасап бірқатар маңызды келісімдерге қол қойып, жалпы соммасы 10 млрд доллардан асатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға келісілді.

Аталған келісімдер иновациялық, мұнай-газ, көгілдір отын, энергентика, заманауй инфраструктураны өркендету, транспортық, ауыл шаруашылық, туризм, білім алу жайында өзара байланысты нығайту жолдары белгіленіп алынды.
Жиында Президентіміз аталған келісімдердің уақтылы және жылдам орындалуын атап өтті. Қабылданған «жол картасын» амалда орындаудың оңтайлы әдісі және тиімді механизмдерін көрсете отырып жұмысқа кірісуді айтып өтті.

БАӘнің жетекші компанияларымен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жобалар ретінде «Науайы» құрлық порты және экономикалық аймағын өркендету, күн және жел электр станцияларын, Сырдарияда аммияк және корбамид өндіру заводын құру жұмыстары айтылды.

Жоғары дәрежедегі мамандар даярлауда серіктестікті нығайту мақсатында «Масдар» компаниясы мен Ал Халифа университеттерімен көпжақты байланысты орнату жайлы пікірлер талқыланды.

Уәзірлер Мекемесінде, министрлік және агенттік, әлеументтік компаниялар басшыларына қысқа уақыт ішінде инвестициялық жобалардың тізімін жасау және оларды амалда орындауды бастау, Өзбекстан мен БАӘ арасындағы болған жоғары дәрежедегі келісімдерді орындау бойынша тиімді механизмін жариялау міндеті жүктелді. 

4 017
ӨзА