Шавкат Мирзияев Бұхара мен Сырдарияда орын алған апаттарға байланысты жиын өткізді
Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаралы ауданындағы елді мекендеріне де залал келгені өкінішті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 мамыр күні өткен бейнеконференцияның басында елде коронавирустық инфекциямен қарсы күресте жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде және Бұхара мен Сырдария облыстарындағы төтенше жағдайларға орай өз сөзін айтты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Жиында Мемлекет басшысы: бүгінде бүкіл адамзат коронавируспен, сондай-ақ экономикалық дағдарыспен күресіп жатқанын бәріміз көріп, байқайп тұрмыз. Әлемде қиын жағдайдан шығу үшін біртіндеп карантиндік шараларды жеңілдетіп жатқан елдер саны өсуде. Біздеде бүгінгі эпидемологиялық жағдай жаман емес күннен-күнге аурудан айығып жатқан науқастардың саны артып келеді. Нәтиже, бүгінгі күні коронавирусты жұқтырған 2 204 науқастың 1445-і немесе 66% -ы толықтай айыққан.
Осы уақытқа дейін біз Дағдарысқа қарсы қордан 2 триллион 250 миллиард сум жұмсап, 500 миллион доллардай халықаралық қаржы институттарынан алдық. Осыған орай эпидемиологиялық жағдайдың жақсы жаққа өзгергенін пайдаланып, біз экономикамыздағы карантин режимін біртіндеп жеңілдетуіміз керек. Өйткені бұл тәртіптік экономикамыздың дамуына және халқымыздың өміріне үлкен кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты біз адамдарға, әсіресе фермерлер мен кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін карантиндік талаптарды жеңілдетудің алғашқы қадамдарын жасадық.
Құрметті достар!
Биылғы жыл адамзат үшін, оның ішінде біз үшін өте қиын келді. Кейінгі бір аптаның ішінде халқымыз бірқатар күтпеген сынақтарға тап болды. 27 сәуірге қараған түні Бұхара облысында, әсіресе Алат және Қаракөл аудандарында болған табиғи апат туралы жақсы білесіздер. Апат нәтижесінде аймақтағы 38 мыңнан астам үйге, 847 әлеуметтік нысандар мен егіндерге зиян келтірді. Ауылшаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және инфрақұрылым да қатты залал көрді.
Біз табиғи апаттың зардаптарын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданудамыз. Үкіметтік комиссия тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін әлеуметтік нысандардың 70 пайызы және үй иелерінің 20 пайызды шатырлары жауылған. Сонымен қатар, 5000 шақырым электр желілері, 1100 трансформатор жөнделіп, 286 мыңды құрайты халықты электрмен қамту жұмсытары аяқталды.
Өкінішке орай, басқа түскен сынақтар мұнымен аяқталған жоқ екен, Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасында болған төтенше жағдайға байланысты Сардоба, Ақалтын және Мирзаабад аудандарының 24 елді мекенінен 90 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олардың барлығы негізгі қажеттіліктер тамақ, киім және басқа да өнімдермен қамтамасыз етілді.
Алдағы уақытта осы аймақтардағы адамдардың өмірі бұрынғы күйіне қайта оралып қана қоймай, одан әрі жетілдірілуі керек. Меніңше, жаңа тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салып, олар үшін жаңа жұмыс орындарын құру керек.
Бүгінгі таңда бірқатар жергілікті жерлерде ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде 53 мыңнан астам адам үйлеріне оралды немесе жақын туыстарының үйлеріне көшті. Қайталап айтамын, еліміз, осы қоғамдағы осындай күтпеген апаттар жағдайында қалған жандардығ ешбірін жалғыз қалдырмайды.
Өкінішке орай, осы уақытқа дейін табиғи апат салдарынан 4 азаматымыз қайтыс болды, 1 адам хабар-ошарсыз кетті. Олар өз өмірлерін құрбан етіп, жүздеген және мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.
Бұхара мен Сырдариядағы апаттар - Жаратқанның бізге берген сынағы, осы жағдайдан табандылықпен және аянбай еңбек етіп өтуіміз керек.
Бұл су тасқыны біз үшін ауыр сабақ болды. Сондықтан, су қоймасында болған жағдайға байланысты халықаралық сарапшыларды тарта отырып, барлық бөгеттерге терең сараптама жүргізетін боламыз. Сонда ғана біз түпкілікті қорытындыға келеміз.
Өкінішке орай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаралы ауданындағы елді мекендерді де су басты. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені өзара түсіністік пен ашықтық рухында кеңінен талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді.
Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз.
Біздің үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, біз табиғи апаттың салдарын жоюда қазақстандық бауырларымызға қажетті көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл қиындықтарды халқымызбен бірге, өзара ынтымақты түрде жеңетінімізге сенімдімін.