ӨзА Қазақ

10.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзияев Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты кеше өткен Қазақстан Президенті сайлауында сенімді жеңіске жеткетімен құттықтады.

Сайлау қорытындылары Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдағанын көрсетіп, оның Қазақ елінің тұрақты дамуына және халықаралық беделіне қосқан үлесі мен саясатына және негізгі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жалғастыруға деген зор үлесімен үлкен сенім білдірді.

Қазақстан Президентінің биылғы жыл сәуір айында Өзбекстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екі жақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беретін достық, тату көршілік қатынастар мен стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын нығайтуға деген өзара ынтымақтастықтың жаңа қарқын әкелгені айтылды.


Әңгіме барысында Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерді талқылады.


Келешектегі көпжақты ұйымдар аясындағы жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспары да талқыланды. Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті және көп жақты әріптестік қатынастарды дәйектілікпен дамыту мен қоса нығайтудың маңыздылығын тағы да атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

5 395
ӨзА