ӨзА Қазақ

17.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және жаңа жеңістермен бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Сондай-ақ сұхбат аясында, Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою, екіжақты сауда-экономикалық қатынастарға коронавирустық инфекцияның таралуының теріс әсерін азайту бойынша тиімді ынтымақтастық пен жүргізіліп жатқан жұмыстарға жақсы баға беріп, басқада жаңа қауіптер мен ортақ қатерлерді еңсеру үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан қатынастарының өзекті мәселелерін талқыланып, институционалдық үнқатысу тетіктері мен өзара сауданы, инвестицияларды ұлғайту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика және басқа да басым салалардағы перспективті бағыттар мен жобаларды алға жылжыту үшін бірлескен күш-жігерді жандандыру қажеттілігі айтылды.

Президенттер, халықаралық саясатқа қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты және байланыс соңында бауырлас елдер арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтуға деген шешімін тағы да растады.

Әңгіме әдеттегіше шынайы және достық жағдайда өтті.

2 541
ӨзА