ӨзА Қазақ

21.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Асқар Маминді қабылдады

Шавкат Мирзияев Асқар Маминді қабылдады

21 маусым күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Үкіметаралық комиссияның кезектегі отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық пен стратегиялық әріптестік байланыстары, экономиканың әртүрлі секторларында қарқынды және өзара тиімді ынтымақтастықтың орныққанын ерекше ықыласпен атап өтті.

3084b4e1-31d3-5996-11ba-d84f55e0412d.jpg

Өз кезегінде Асқар Маминде Шавкат Мирзияевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында бауырлас ел басшыларының деңгейінде жүйелі кездесулер мен сенімділікті нығайту диалогы екіжақты қарым-қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне және нақты жұмыс мазмұнымен байытуға қызмет ететіндігі атап өтілді.

52d50a13-d3b9-7ebb-9b3d-0e31737a7acf.jpg

Бұл кездесу алғаш рет үкімет басшыларының деңгейінде өткен Үкіметаралық комиссияның отырысы сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм және басқа да салалардағы перспективалық жобаларды алға жылжытудың тиімді тетігі болды.

Аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық алмасуға, оның ішінде Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында бірлескен іс-шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин көпжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сөзсіз жүзеге асыруға ниетті екенін айтты.

153b2476-a2d7-4475-2eb2-8ead692d5098.jpg

Өзбекстан Республиксы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.

12 513
ӨзА