ӨзА Қазақ

26.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Абдулла Қадыри атындағы өнер мектебі мен мұражайында болды

Шавкат Мирзияев Абдулла Қадыри атындағы өнер мектебі мен мұражайында болды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 26 желтоқсанда Абдулла Қадыри атындағы өнер мектебі мен мұражайында болды.

Өзбек әдебиетінде өшпестей із қалдырып, ұлттық әдебиеттің өркендеуіне шексіз үлес қосқан жазушы Абдулла Кадыридің құрметіне, мәдениет және демалыс саябағы ашылып Мемлекет басшысының бастамасымен онда өнер мектебі мен мұражайы құрылды және саябақтың алдында ұлы жазушының ескерткіші бой көтерді.



Ұлы жазушының құрметіне орнатылған осынау ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Президент Шавкат Мирзияев жазушының ескеркішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарадан кейін Мемлекет басшысы атаулы өнер мектебі мен ондағы оқушы жастардың сабақ оқуы жайлы танысып, олармен сұхбаттасты. 

-«Абдулла Қадыри шығармашылық мектебінде білім алатын балалар жаңа Өзбекстанның болашағын құрушылар. Ал, барлық орта білім беру мектептері осынау оқу орнынан үлгі алуы керек. Мұнда оқитын балалар тек рухани ғана емес, сонымен бірге өз елін сүйетін дарынды жандар боп өсіп, біз мұндай шығармашылық мектептерде патриоттық сезімде ұлғайушы жастарды тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз» - деді Шавкат Мирзияев.

Президент жазушы Абдулла Кадыридің атындағы мұражай мен кітапхананы аралап онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп сұхбаттасты. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 


6 912
ӨзА