ӨзА Қазақ

23.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Сенаттың жалпы отырысы өз жұмысын бастады

Сенаттың жалпы отырысы өз жұмысын бастады

Бүгін 2019 жыл тамыздың 23-ші жұлдызында Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенатының жиырма бірінші жалпы отырысы өз жұмысын бастады.

Сенаторлар, министрлік пен бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысқан мәжілісті Сенат төрағасы Танзила Нарбаева ашық деп жариялады.

Мәжілістің күн тәртібіне 26 мәселе орын алған. Оның 16-сы заң турасында болып, олар ішінде «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы», «Қыз-келіншектерді зорлық-зомбылық пен түрлі қысымдардан қорғау», «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы», «Ана сүтімен азықтандыруды қолдау, нәрестелер мен кіші жастағы балалардың азық-түлігі өнімдеріне деген талаптар жайында» жаңа заңдар қаралмақ.

Сондай-ақ Сенат мүшелері Жоғарғы Мәжіліс бюджетінің қалыптасуы мен орындалуының жаңа тетіктерінің енгізілуіне, сайлау, қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы заңнаманың жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін қарастырады.

Тағыда, төрт халықаралық құжат ратификациялануы мүмкін.

Орталық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілуі, «Белсенді инвестициялар және әлеуметтік даму жылы» Мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылдың екінші ширегіндегі орындалуы туралы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің есебі, Ішкі істер, Сыртқы істер министрлері мен Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы ақпараттарын тыңдау назарға алынған.

сонымен қатар мәжілістің күн тәртібінде баяндамалар мен парламенттік сауалдар да енгізілген.

Еске сала кетсек, аптаның басында Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенат Төрағасы Танзила Нарбаева Кеңесінің өткізіп, онда 23-ші тамызы күні Сенатының жиырма бірінші жалпы отырысы өтуі жайлы қаулы қабылданған болатын. 

8 625
ӨзА