ӨзА Қазақ

11.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Сенаторлар Өзбекстанның ЕЭО-да бақылаушы ел ретінде қатысуын мақұлдады

Сенаторлар Өзбекстанның ЕЭО-да бақылаушы ел ретінде қатысуын мақұлдады

Өзбекстан Парламенттің жоғарғы палатасының бүгін 11 мамырда өткен төртінші жалпы отырысында Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕЭО) ынтымақтастығы туралы мәселе қаралып, онда сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ аясында бақылаушы ел ретінде қатысу туралы ұсынысты мақұлдады.

Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастық аясында Өзбекстан сыртқы сауданың, елдегі ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың, аймақтық кластерлерді, өнеркәсіптік және сауда аймақтарын ұйымдастырудағы аумақаралық қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтеді және көлік коммуникация, жүк транзиті саласындағы мүдделеріне оң әсер етеді. Сонымен қатар азаматтардың одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс істеуге кең мүмкіндіктер береді.

Жиында одақпен ынтымақтастыққа қарсы дауыс берген сенаторлардың мәлімдеуінше бұл процес Өзбекстан экономикасына бірқатар салада өндірістің төмендеуі мен белгілі бір дәрежеде жұмыс орындарының азайуына, инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне және индустриалды жаңғырудың әлсіреуіне әкелуі мүмкін, деп айтқан.

дегенмен, қызу талқылаулар мен ашық пікірталас түрінде өткен отырыстың соңында сенаторлар Өзбекстан Республикасының ЕЭО-ға бақылаушы мемлекет ретінде қатысу туралы ұсынысын мақұлдап, бұл мәселе бойынша «Олий Мажлис» Сенатының тиісті қаулысы қабылданған.

3 458
ӨзА