ӨзА Қазақ

15.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысына барды

Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысына барды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 мамырда Сырдария облысына сапармен барды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 1 мамырдағы Сардобадағы апатқа орай жасаған сапарында апаттан зардап шеккен жергілікті тұрғындардың өмір тіршілігін әдеттегі қалпына келтіріп қана қоймай, олардың тұрмысын жақсарту, жаңа тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жаңа жұмыс орындарын құру міндетін қойған еді.

Осы жағдайға байланысты қазіргі уақытта мұнда Үкімет комиссиясы жұмыс істеуде. Қираған үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары мен біткен үйлерге тұрғындарды қайтару, олардың тіршілігіне көмектесу, инфрақұрылымды қалпына келтіру, халықтың денсаулығын сақтау сынды жағдайға үлкен күш пен қаражат жұмылдырылған. Соның арқасында бүгінге дейін 20 елді мекендегі бұзылған үйлер қоқыстардан тазартылып, 13 елді мекенде жиналған су шығарылды. Апат орын алған кезде жедел шаралардың орындалуының арқасында Сардоба, Ақалтық және Мирзаабад аудандарына қасты 28 елді мекеннен 90 мыңға жуық адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланған еді.

Президент Шавкат Мирзияев бүгінгі сапары аясында ең алдымен Сардоба ауданында болып, аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты және жөндеуден өткен үйлерді аралап, тұрғындармен сұхбат құрды. Аталған үш аумақта қираған үйлер орнына 640 пәтерлі 5 қабатты 66 тұрғын-үй құру жоспарлануда.



3 046
ӨзА